$ 474.9 € 555.3 ₽ 6.24

Олжас Бектенов Үкіметте шенеуніктерге қатаң талап қойды

Абдрахманов Мағжан
14 сәуір 2026, 13:00
Олжас Бектенов Үкіметте шенеуніктерге қатаң талап қойды Сурет авторы: Үкімет

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында экономикалық өсуді қамтамасыз ету шараларын жеделдетуді және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруды тапсырды. Оның айтуынша, бірқатар бастамалардың іске асуы баяу жүріп жатыр.

Премьер-министр «Бәйтерек» холдингін капиталдандыру және тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту үшін әкімдіктердің бағалы қағаздар шығару мәселелерінде кідіріс бар екенін атап өтті. Сондай-ақ басым салаларда қосылған құны жоғары инвестициялық жобаларды анықтау жұмысы жеткіліксіз жүргізіліп отырғанын айтты.

Бектенов барлық мәселелерді жедел шешуді талап етіп, әрбір басшыға нақты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тікелей жауапкершілік жүктелгенін еске салды. Оның сөзінше, әр мемлекеттік орган өз саласы бойынша жоспарланған өсімге қол жеткізуі тиіс.

Премьер-министр мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар да өзгеретінін мәлімдеді. Ол Конституцияның қабылдануымен ел дамуының жаңа кезеңі басталатынын айтып, мемлекеттік аппарат, әсіресе басшылар жаңа талаптарға сай жұмыс істеуі қажет екенін жеткізді.

Үкімет басшысы әрбір жетекші өз жұмыс тәсілін қайта қарап, нақты нәтиже көрсетуі тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар