$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Олжас Бектенов: "Спортшыларымыздың нәтижесі төмендеп кетті"

Редакция
14 қаңтар 2025 03:22 1239
Олжас Бектенов: "Спортшыларымыздың нәтижесі төмендеп кетті"

Қазақстанда соңғы 5 жылда 215 дене шынықтыру кешені, 17 жүзу бассейні, 57 спорт манежі және 1,5 мыңнан астам спорт алаңы салынғанына қарамастан, спортшылардың нәтижелері төмендеген. Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, бұл жүйелі дайындық жұмыстарының, білікті жаттықтырушылардың және тиімді әдістемелердің болмауымен байланысты.

Министр Туризм және спорт министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, спорт мектептері мен секцияларын құруға ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, спорттық медицинаны дамыту қажеттілігі де атап өтілді.

Премьер-министр Азия ойындарына қатысатын спортшылар үшін барлық қажетті жағдайды жасауға тапсырма берді. Сыртқы істер министрлігі ұлттық құрамаға дипломатиялық қолдау көрсетсе, Мәдениет және ақпарат министрлігі Азия ойындарының сапалы трансляциясын қамтамасыз етуі керек.

Сонымен қатар, Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен және Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға сапалы дайындық жұмыстарын күшейтуі қажет.

"Қазақ спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру – барлығымыздың ортақ міндетіміз," – деді премьер-министр.

 

Соңғы жаңалықтар