$ 514.74 € 599.36 ₽ 6.71

«Олимпиакос» жанкүйерлері Астанаға емес, Алматыға ұшып келген

Абдрахманов Мағжан
09 желтоқсан 2025 16:51 355
«Олимпиакос» жанкүйерлері Астанаға емес, Алматыға ұшып келген Сурет авторы: x.com/olympiacosfc

Грекиялық «Олимпиакос» командасының бір топ жанкүйері матч өтетін қаланы шатастырып, Астана орнына Алматыға ұшып барған. Бұл жағдай туралы алматылық жанкүйер Threads желісінде бөлісті.

Жолаушылар қателескенін жерге қонған соң ғана білген. Енді олар асығыс түрде елордаға бара жатқан көрінеді.

«Кайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы Чемпиондар лигасының кездесуі 9 желтоқсанда Астанада өтеді. Басталу уақыты – 20:30.

Турнирдің жалпы кестесінде «Кайрат» бір ұпаймен 35-сатыда, ал «Олимпиакос» екі ұпаймен 33-орында келеді.

Соңғы жаңалықтар