$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Олимпиада-2024: Александра Ле нысана көздеу сайысын 6-орынмен аяқтады

Редакция
29 шілде 2024 06:26 1583
Олимпиада-2024: Александра Ле нысана көздеу сайысын 6-орынмен аяқтады Сурет авторы: olympics.kz

10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу сайысын отандасымыз Александра Ле 6-орынмен аяқтады.

Финалдық сайыста жүлде бұйырмаса да, Александра Ле 5 дүркін Әлем чемпионы Дженат Хегг (Норвегия) пен 3 дүркін Әлем чемпионы Рамита Жиндалды (Үндістан) басып озды.

Бұған дейін 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында дәл осындай үздік көрсеткішке қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун қол жеткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Александра Ле бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сатпаевпен бірге Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар