$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Оқушыларға тегін: Қазақстанда TUMO орталықтары ашылады

Дулат Абдраманов
12 тамыз 2025 11:15 374
Әлемнің тек 13 қаласында бар технологиялық қабілеттерді үйрететін TUMO орталықтары ашылатын болды.
Оқушыларға тегін: Қазақстанда TUMO орталықтары ашылады Сурет авторы: thewilldowntown.com

2025 жылдың қазан айында Астана мен Алматы қалаларында оқушыларға арналған заманауи TUMO орталықтары ашылады. Әлемнің небәрі 13 қаласында ғана бар бұл орталықтар жылына шамамен 5 500 оқушыны қамтуға қауқарлы.

TUMO бағдарламасы аясында оқушыларға 11 бағыт бойынша цифрлық дағдылар үйретіледі. Курстар қатарына ойын құрастыру, анимация, графикалық дизайн, машинамен оқыту, веб-әзірлеу және басқа да заманауи технологиялық бағыттар кіреді.

Жоба жастардың IT және шығармашылық қабілеттерін дамытып, болашақ мамандықтарына жол ашуды мақсат етеді.

Соңғы жаңалықтар