$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Оқушылар арасында алғаш рет жасанды интеллект бойынша олимпиада өтеді

Редакция
24 қаңтар 2025 04:13 3270
Оқушылар арасында алғаш рет жасанды интеллект бойынша олимпиада өтеді Сурет авторы: Digital Ministry

Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы білімді дамыту мақсатында алғашқы республикалық AI Olymp олимпиадасы өтеді. Бұл туралы Цифрландыру министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі, сондай-ақ Спорттық бағдарламалау федерациясы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылған кездесу барысында белгілі болды.

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

  • Онлайн іріктеу кезеңі: Оқушылар бағдарламалау, математика және машиналық оқыту бойынша тапсырмаларды орындайды.
  • Финалдық кезең: Үздік 30-40 қатысушы практикалық тапсырмалар орындап, жасанды интеллект алгоритмдері мен деректерді талдауға қатысты қабілеттерін көрсетеді.

AI Olymp олимпиадасы көктемде ұйымдастырылады, ал үздік қатысушылар ел намысын халықаралық аренада қорғауға мүмкіндік алады.

Жеңімпаздар тамыз айында Бейжіңде өтетін Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына қатысуға дайындық курстарынан өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар