$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметін жалғастырады

Абдрахманов Мағжан
03 қыркүйек 2026, 11:24
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметін жалғастырады Сурет авторы: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның Көлік министрі болып тағайындалды. Бұған дейін оның кандидатурасын Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті мақұлдаған.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «саяси экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын кәсіпкерлік саласында бастап, кейін теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда жұмыс істеген. Әр жылдары Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімін басқарған, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болған.

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметіне алғаш рет 2025 жылғы маусымда тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар