$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Редакция
01 қараша 2024 03:32 1757
Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды Сурет авторы: Спортты дамыту дирекциясы

Нұрқожа Қайпанов Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 

Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден 5:3 есебімен басым түсті.

Нұрқожа дәл осы салмақта (70 кг) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. 

Осылайша, елімізден 2 жыл қатарынан еркін күрестен әлем чемпионы шықты. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған. 

Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңген. Жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жықты.

Осымен Тиранадағы Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. 

Соңғы жаңалықтар