$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Нұрбек Оралбай Әлем кубогының ширек финалына сәтті өтті

Редакция
15 маусым 2026, 10:51
Нұрбек Оралбай Әлем кубогының ширек финалына сәтті өтті Сурет авторы: zakon.kz

Қытайдың Ғуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай өнер көрсетуде. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан отандасымыз 1/8 финал аясында Оңтүстік Корея спортшысы Ким Гичхэмен жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz

Жекпе-жек барысында Нұрбек Оралбай қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдық танытты. Нәтижесінде, төрешілер техникалық нокаут тіркеп, қазақстандық боксшының мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін жариялады.

Осы жеңістің арқасында Нұрбек Оралбай турнирдің ширек финалына жолдама иеленді. Келесі кезеңде ол өзбекстандық боксшы Тұрабек Хабибуллаевпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы. Ол – Қазақстан құрамасының алдағы жекпе-жектердегі басты үміткерлердің бірі.

Соңғы жаңалықтар