$ 469.93 € 541.64 ₽ 5.71

Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге талап ету себебін айтты

Абдрахманов Мағжан
10 тамыз 2026, 14:19
Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге талап ету себебін айтты Сурет авторы: ашық дереккөзден

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушы Шерхан Аймаханнан моральдық зиян үшін неліктен 10 млрд теңге талап еткенін түсіндірді. Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбайдың айтуынша, бұл сома әдейі осындай көлемде белгіленген.

Отбасы сотталушының қылмыстық жазамен қатар, материалдық жауапкершілікті де ұзақ уақыт арқалағанын қалайды.

«Сома жай ғана төлеп, ұмытып кететіндей болмауы керек. Оны өмір бойы төлейтіндей болуы қажет», – деді Сұлтан Серікбай.

Ол 10 млрд теңге Нұрайдың өміріне қойылған «баға» емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, ешқандай ақша жақын адамынан айырылған отбасының қайғысын өтей алмайды.

Егер сот моральдық өтемақы өндіру туралы талапты қанағаттандырса, отбасы түскен қаражатты аңдуға және зорлық-зомбылықтың өзге түрлеріне тап болған қыздарға көмектесуге жұмсамақ.

Бұған қоса, жәбірленуші тарап шамамен 14,7 млн теңге материалдық шығынды өтеуді талап етіп отыр. Оған жерлеу, діни рәсімдер, ас беру, құлпытас орнату және тергеу мен сотқа байланысты жол шығындары кірген.

Соңғы жаңалықтар