$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Нүкенованың ағасы Бишімбаевтар отбасының Sensata Group-қа қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды

Редакция
03 сәуір 2024 12:43 3389
Нүкенованың ағасы Бишімбаевтар отбасының Sensata Group-қа қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды Сурет авторы: Коллаж: kursiv.media

3 наурызда Бишімбаев ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Сот отырысынан кейін Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаевтардың Sensata Group-қа қатысы жайлы пікір білдірді.

“Мен қазір жаңалықтардан Sensata-ға қандай да бір шабуыл жасалып жатқанын көріп отырмын. Sensata-ға менің наразылығым жоқ. Жеке алғанда Бишімбаев құрылтайшы болған жоқ. Ол кезде мүше емес еді, қазір де мүше емес.

Менің біреудің ізін аңдиын деген, біреуге соғыс ашайын деген мақсатым жоқ. Бізде сот болып жатыр, бәрі сот аясында. Маған жауап алу барысында сұрақ қойды, мен жай ғана сұраққа жауап бердім”, – деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар