$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

Несие төлеуге қиналғандарға үш ай уақыт берілуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
11 шілде 2025 09:43 44
Мұндай мүмкіндік әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге арналған
Несие төлеуге қиналғандарға үш ай уақыт берілуі мүмкін Сурет авторы: Getty Images

Елімізде әлеуметтік жағынан осал топтар мен төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтар үшін несие төлеу уақытын кейінге шегеру тәртібін заңнамалық тұрғыда бекіту қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің түзетулер жобасында айтылған.

Түзету қабылданса, табысы азайған немесе төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтар банктен немесе микроқаржы ұйымынан кемінде үш айға несиені кейін төлеуге жеңілдік ала алады. Бұл жеңілдік қосымша комиссиясыз берілуі тиіс.

Мұндай мүмкіндік, әсіресе, әлеуметтік осал топтар мен табиғи апат, су тасқыны секілді төтенше жағдайдан зардап шеккендерге арналған. Қарыз алушы өз жағдайын растайтын құжаттар ұсынса жеткілікті.

Жаңа ереже заңмен бекітілсе, банктер мен микроқаржы ұйымдары барлық өтінішті бірдей және әділ қарап, жеңілдік беру тәртібі нақты және түсінікті болады.

Мақсат – қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету және несиені уақытында төлеу мүмкіндігін жеңілдету.

 
 

Соңғы жаңалықтар