$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Непалда жоғалған қазақстандықтар саны екеуге жетті

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 10:32
Непалда жоғалған қазақстандықтар саны екеуге жетті Сурет авторы: ЕРА

Непалдағы жойқын тасқыннан кейін Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатыр. Бұған дейін бір қазақстандықтың жоғалғаны хабарланған еді. Сыртқы істер министрлігінің кейінгі мәліметі бойынша, қазір екі отандасымыздың қайда екені белгісіз.

Министрлік мәліметінше, іздестіріліп жатқан әйелдердің бірі туристік топ құрамында Непал мен Қытай арасындағы шекарадан өткен. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп, жоғалған азаматтардың туыстарымен байланыста отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, Непалдағы табиғи апаттан 469 адам қаза тапқан. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары 667 туристің із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Ең көп адам шығыны Читван өңірінде тіркеліп, онда 178 адам көз жұмған. Сондай-ақ 28 полиция қызметкерінің қайда екені белгісіз.

Апат аймағынан 31 шетелдік қауіпсіз жерге шығарылған. Олардың арасында Ресей, Болгария, Үндістан, Италия, АҚШ, Оңтүстік Корея және Швейцария азаматтары бар.

Жол қатынасы үзілген аумақтарға жету үшін құтқарушылар, полиция мен әскер тікұшақтарды пайдаланып жатыр. Іздеу топтары өзен жағалауларын да тексеруді жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар