$ 458.87 € 535.09 ₽ 5.42

Непалда Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр

Абдрахманов Мағжан
27 тамыз 2026, 16:05
Непалда Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр Сурет авторы: REUTERS / Navesh Chitrakar

Непалдағы табиғи апаттан кейін Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап informburo.kz хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен.

«Қазіргі уақытта азаматымыздың нақты қайда екені белгісіз. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысын жалғастыруда», – деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін СІМ Непал мен Қытай шекарасындағы тасқыннан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар