$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Неге мені ұрсып, ұра береді? Мен ешкімге керек емеспін: Өзіне қол жұмсаған 6 сынып оқушысының хаты жұртты шошытты

Дулат Абдраманов
30 қазан 2025 11:07 1160
Неге мені ұрсып, ұра береді? Мен ешкімге керек емеспін: Өзіне қол жұмсаған 6 сынып оқушысының хаты жұртты шошытты

Алматы облысы Саймасай ауылында қайғылы оқиға тіркелді - үй ауласынан 6-сынып оқушысының денесі табылған. Алдын ала деректер бойынша, бала өз-өзіне қол жұмсаған.

Білім басқармасының мәліметінше, отбасы әлеуметтік есепте тұрғанымен, ресми түрде тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе ішімдікке салыну фактілері тіркелмеген. Алайда ауыл тұрғындары баланың анасы мен өгей әкесін жиі мас күйінде көргендерін және балалардың күтімсіз жүргенін айтқан. Олардың сөзінше, отбасының үйі де қараусыз қалған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін үйге көмір, велосипед жеткізіліп, тазалау жұмыстары жүргізілген. Ауылдықтар мұны «тексеріс алдында жағдайды түзету әрекеті» деп бағалап отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, баланың жеке дәптерінен «Неге мені ұрсып, ұра береді… Мен ешкімге керек емеспін… Мен - жат адаммын» деген жазбалар табылған.

Соңғы жаңалықтар