$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Неге кейбір жастар әскерге шақырылып, бірақ қызметін аяқтамай босатылады?

Редакция
06 наурыз 2025 06:19 2209
Неге кейбір жастар әскерге шақырылып, бірақ қызметін аяқтамай босатылады? Сурет авторы: egov.kz

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылып, кейін денсаулығына байланысты әскерден босатылған сарбаздарға қатысты жағдайға түсініктеме берді. Биыл осындай 230-дан астам жағдай тіркелген.

Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының орынбасары Берік Ілиясовтың айтуынша, кейбір шақырылушылардың ауруы бастапқы медициналық тексеру кезінде анықталмай қалуы мүмкін.

"Кейде жастар өздерінің денсаулығында ақау бар екенін білмейді. Немесе әдейі жасырады, өйткені әскерге барғысы келеді. Бірақ әскери қызмет барысында физикалық жүктеме артқан сайын, бұрын білінбеген сырқаттары асқынып, ауруы анықталады. Сол кезде олар әскери госпитальге жіберіліп, тексеруден өтеді", – деді Ілиясов.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шақырылушылар медициналық тексеруден міндетті түрде өтеді. Егер денсаулығына қатысты күдік болса, олар қосымша тексеруге жіберіледі.

Биыл 42 мың адамды әскерге жіберу жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар