$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Неге қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ түсіндірді

Редакция
20 мамыр 2024 10:02 1896
Неге қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ түсіндірді Сурет авторы: visa-kazakhstan.kz

Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілін, тарихын және еліміздің Конституциясын қарапайым деңгейде білу қажет болады. Мұндай түзетулер жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Көші-қон мәселелері туралы» заңға енгізілді. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мұның себебін түсіндірді.

Оның айтуынша, мемлекеттік тілдің қарапайым деңгейін Ғылым және жоғары білім министрілгі айқындайды.

"Түзетудің мақсаты – қоғамға тез бейімделу және интеграциялану. Тілді білу, ең алдымен, қоғамға тез сіңісіп, мемлекет өміріне араласып кету үшін азаматтықты алғысы келетіндердің өзіне қажет", – деді ол.

Ол мұндай түзетулердің әлемдік тәжірибеде бар екенін айтып өтті. Көптеген елдерде азаматтық алу үшін мемлекет тарихын және мемлекеттік тілді білетінін тексеру үшін ​​емтихан тапсыру қажет.

"Германияда азаматтық алуға үміткерлерге неміс тілін білу, неміс мәдениеті мен дәстүрін сақтау сияқты жоғары талаптар қойылады. Канадада осы елдің тарихын және осы ел азаматының жауапкершіктерін білуіңіз керек, сонымен қатар провинцияға байланысты ағылшын немесе француз тілдерін білуге ​​арналған тест тапсыруыңыз керек. Түркияда жалпы негізде азаматтық алған кезде түрік тілін білу міндетті", – деді Әлекешев.

 

Соңғы жаңалықтар