$ 485.4 € 550.69 ₽ 6.41

Неге дәл бүгін мыңдаған жұп отау құрып жатыр

Редакция
26 маусым 2026, 10:30
Неге дәл бүгін мыңдаған жұп отау құрып жатыр Сурет авторы: maqat-tynysy.kz

Бүгін - тарихтағы ең ерекше күндердің бірі. Күнтүзбе парағындағы 26.06.2026 санының сиқырына сенген мыңдаған қазақстандықтар бүгін отбасылық өмірге қадам басып жатыр. «Үкімет азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бүгіннің өзінде еліміз бойынша 1700-ден астам жұп заңды некеге тұрады.

Цифрлардың үйлесіміне құмар жастардың белсенділігі таңғалдырарлық: Алматы (830) мен Астана (740) қалаларында неке сарайларындағы кезек толастамаған. Шымкентте болса 141 жұп бақытты күндерін осы ерекше күнге жоспарлапты.

Қызығы сол, бұл күнге деген сұраныс соншалықты жоғары болған, тіпті өтініш қабылдау мерзімі 11 маусымда-ақ аяқталған. Жалпы саны 4 мыңға жуық жұп «магиялық» күнде шаңырақ көтеруді армандаған екен.

Соңғы жаңалықтар