$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Назарбаев университеті жатақханасында студент қыз көз жұмды

18 маусым 2025 17:57 68
Назарбаев университеті жатақханасында студент қыз көз жұмды Сурет авторы: nazarbayevfund.kz

Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыздың қаза болғаны туралы ақпаратты оқу орнының баспасөз қызметі растады.

«NU жатақханаларының бірінде орын алған қайғылы оқиға туралы ауыр күйзеліспен хабарлаймыз. Қаза тапқан студенттің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазіргі таңда жағдай бақылауда: құқық қорғау органдары мен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр», – делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Университет пен уәкілетті органдар әлеуметтік желі қолданушыларын, блогерлерді, ақпарат құралдарын тексерілмеген, жалған мәлімет таратудан бас тартуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар