$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Наурыздан бастап пойызға билет қымбаттайды

Редакция
17 ақпан 2025 06:19 3887
Наурыздан бастап пойызға билет қымбаттайды Сурет авторы: ҚТЖ

2025 жылдың 1 наурызынан бастап теміржол билеттерінің құны 7%-ға өседі, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Баға өсімі әлеуметтік маңызы бар барлық облысаралық бағыттарға және кейбір қала маңы пойыздарына әсер етеді. Компания өкілдерінің түсіндіруінше, тарифті өзгерту теміржол көлігі туралы заңнама мен тасымалдаушы шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

«1 наурыздан бастап барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршрут пен кейбір қала маңы пойыздарының тарифінің шекті деңгейі өзгереді», – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар