$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Наурызда 14 күн демаламыз. Қалайша?

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1475
Наурызда 14 күн демаламыз. Қалайша? Сурет авторы: iStock

Наурызда қазақстандықтар екі ресми мерекені - 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) және Наурыз мейрамын (21-22 наурыз) атап өтеді.

Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8-10 наурыз аралығында үш күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн қатарынан  (21-25 наурызда)  демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 21-24 наурыз аралығында демалып, 25 наурыз жұмысқа шығады.

Осылайша 31 күннің 14-і демалыс күні болады.

Сонымен қатар 21 наурызда Наурыз мейрамымен қатар оқушылар демалысы басталады.

Соңғы жаңалықтар