$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Наурызбай қажы Тағанұлы екінші рет Бас мүфти болып сайланды

Редакция
26 желтоқсан 2024 04:45 1091
Наурызбай қажы Тағанұлы екінші рет Бас мүфти болып сайланды Сурет авторы: Muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы екінші мерзімге қайта сайланды. Бұл жөнінде журналист, "Мұнара" телеарнасының бұрынғы директоры Еркін Шәкірұлы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Құрметті Хазірет! Құтты болсын! Бүгін Наурызбай қажы Тағанұлы екінші рет Бас мүфти болып сайланды. Алла берекелі етсін!" – деп жазды ол.

Ол алғаш рет 2020 жылдың 7 ақпанында өткен ҚМДБ-ның кезектен тыс ІХ Құрылтайында Бас мүфти болып тағайындалған еді.

Наурызбай қажы Тағанұлы 1977 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Ол Ташкенттегі "Имам Әл-Бұхари" атындағы Ислам институтында жоғары діни білім алып, кейіннен Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің "Тарих" факультетін және "Дінтану" мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған. Еңбек жолында еліміздің түрлі мешіттерінде имамдық қызмет атқарып, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, сондай-ақ "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы қызметтерін орындады. 

Соңғы жаңалықтар