$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Мұнай компаниясы Қазақстанға 8,4 млрд теңге өтемақы төледі

Редакция
17 наурыз 2025 05:20 1765
Мұнай компаниясы Қазақстанға 8,4 млрд теңге өтемақы төледі

Маңғыстау облысында мұнай өндіретін Buzachi Operating Ltd компаниясы Қазақстанға 8,4 млрд теңге көлемінде залалды өтеді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, компания алты жыл бойы мұнай мен газ өндіру кезінде шикі газды уәкілетті органның рұқсатынсыз өртеп, шығынға жол берген.

"Прокуратураның араласуынан кейін сот компанияны мемлекетке 8,4 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Компания бұл шешімге шағым түсіргенімен, апелляциялық сот оны күшінде қалдырды. Наурыз айының басында компания бұл соманы толықтай өтеді", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Бұл қаражат республикалық бюджетке аударылды.

Соңғы жаңалықтар