$ 475.38 € 547.73 ₽ 5.93

Мұнай бағасы күрт төмендеді

Абдрахманов Мағжан
03 тамыз 2026, 11:51
Мұнай бағасы күрт төмендеді Сурет авторы: Getty Images

Әлемдік мұнай бағасы 3 тамыздағы Азия нарығындағы сауда барысында 4 пайыздан астам төмендеді. Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 4,4 пайызға арзандап, барреліне 84,10 доллар болды. Ал қыркүйекте жеткізілетін WTI мұнайының бағасы 4,5 пайызға төмендеп, 80,89 долларға түсті.

CNBC мәліметінше, бағаның төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға жоспарланған соққыдан бас тартуы себеп болған. Нарық қатысушылары мұны Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуі мүмкін деген белгі ретінде қабылдаған.

Алайда Иран әзірге қандай да бір келісімге қол жеткізілгенін растаған жоқ. Елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Бағаи АҚШ соғыстың қашан басталып, қашан аяқталатынын шешпейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Тегеран алдағы келіссөздерге қатысты шешімді ұлттық мүддені басшылыққа ала отырып қабылдайды.

Бағаға қысым жасаған тағы бір фактор – ОПЕК+ елдерінің қыркүйек айынан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешімі болды.

Соңғы жаңалықтар