$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

Мұнай бағасы күрт арзандап, 100 доллардан төмен түсті

Абдрахманов Мағжан
25 мамыр 2026, 09:58
Мұнай бағасы күрт арзандап, 100 доллардан төмен түсті Сурет авторы: Pixabay

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 100 доллардан төмендеп, соңғы екі аптадағы ең төмен деңгейге түсті.

Сарапшылардың мәліметінше, бұл жағдай АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде ілгерілеу болуы мүмкін деген мәлімдемелерден кейін орын алған.

Астана уақытымен түнгі 02:45-те Азия нарығы ашылған сәтте мұнай бағасы шамамен 104 доллардан 95 долларға дейін бірден құлдыраған.

Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран бейбіт реттеу жөніндегі өзара түсіністікке келуі мүмкін екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, тараптар тиісті меморандум бойынша «жалпы келісімге» келген.

Сарапшылар мұндай келісім жүзеге асқан жағдайда Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы тұрақтанып, нарықтағы тәуекелдер азаюы мүмкін екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар