$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан жүйелі түрде пара алып отырған басшы ұсталды

Редакция
23 қаңтар 2025 01:41 1830
Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан жүйелі түрде пара алып отырған басшы ұсталды Сурет авторы: Getty Images

Шымкентте мүгедектігі бар балаларға топ тағайындау үшін ата-аналардан жүйелі түрде пара алып келген Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы мен емхана қызметкері анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады.

Тергеу барысында олардың балаларға мүгедектік топтарын заңсыз негізде тағайындау үшін ата-аналардан тұрақты түрде пара алғаны белгілі болды. Бұл әрекеттер жүйелі түрде жүзеге асырылып, олардың іс-әрекеттері сотқа дейін жеткізілді.

Агенттіктің мәліметінше, мұндай жағдайлар бір өңірмен шектелмейді. Жалпы республика көлемінде мүгедектікті тағайындау саласында 5,2 мыңнан астам манипуляция анықталған. Адамдарға заңсыз түрде мүгедектік беру немесе негізсіз бас тарту, әлеуметтік төлемдер мен қызметтерге байланысты жемқорлық тәуекелдері де айқындалды.

Агенттік анықтаған басқа да фактілер:

▪️ 830 млн теңге мақсатсыз жұмсалған – мүгедектігі бар адамдарға арналған тауарлар мен қызметтердің бағасын негізсіз көтеру және жалған жеткізілімдер жасау. Шымкентте тек гигиена құралдары үшін 200 млн теңге артық төлем жасалған;
▪️ 1,2 мыңнан астам жалған кәсіпкерлік – әлеуметтік төлемдер алу үшін табыстарды қолдан көтеру фактілері;
▪️ 500-ден астам жалған жұмысқа орналастыру – қағаз жүзінде ғана көрсетілген жұмыс орындарына мемлекет тарапынан 168 млн теңге субсидия бөлінген.

Соңғы жаңалықтар