МРТ зерттеуі: Түнде жанып тұратын шамдар мен экран жарықтары жүрек ауруына алып келеді
Сурет авторы: Edwin Tan - Getty Images
Бүгінгі таңда түнде смартфон қарау немесе бөлмеде әлсіз жарықты жағып қойып ұйықтау әдеттегі жағдайға айналған. Алайда ғалымдар бұл әдеттің тек ұйқы сапасын төмендетіп қоймай, жүрек-қан тамырлары жүйесіне де салмақты қауіп төндіретінін дәлелдеді. European Heart Journal журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, ұйқы кезіндегі түнгі жарық - тіпті ол қарапайым смартфон экранынан бөлінетін сәуледен әлдеқайда әлсіз болса да - жүрек бұлшықеттерінің патологиялық өзгерістеріне алып келеді.
Ғалымдар ауқымды медициналық эксперимент аясында жүрек аурулары жоқ 11 000-нан астам қатысушының ұйқы кезіндегі жарық деңгейін 7 күн бойы арнайы білезік датчиктері арқылы бақылап, арада 3 жыл өткен соң олардың жүрегін магнитті-резонанстық томографиядан (МРТ) өткізген. Зерттеу қорытындысы бойынша, түнде 3 люкс және одан жоғары жарықта, яғни ай сәулесінің жарықтығына тең деңгейде ұйықтаған адамдардың жүрек құрылымында айтарлықтай өзгерістер анықталған. Атап айтқанда, олардың жүрек бұлшықеттері қалыңдап, жиырылу мен қан айдау тиімділігі төмендеген. Медицина мамандарының айтуынша, мұндай өзгерістер кейіннен жүрек жеткіліксіздігі мен жүрек ырғағының бұзылуына, яғни атриальды фибрилляцияға (AFib) ұласуы мүмкін.
Зерттеуге жетекшілік еткен Тюлейн университетінің профессоры Лу Ци түнгі жарықпен ластану жүрек-қан тамырлары ауруларының жаңа қауіпті факторана айналғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл көрсеткіштер клиникалық дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының саясаткерлеріне түнгі жарықты азайтуды жүрек ауруларының алдын алудың негізгі стратегияларының бірі ретінде қарастыру қажеттігін дәлелдейді.
Осы орайда Майнц университетінің профессоры Томас Мюнцель мен Ұлттық ұйқы қоры жүректі қорғауға арналған кешенді кеңестер ұсынады. Олар ең алдымен теледидар, смартфон, планшет және компьютер экрандарын ұйқыға дейін кемінде 1 сағат бұрын толық өшіруді талап етеді. Бұдан бөлек, үйдегі тұрмыстық техникалардың жанып тұратын LED-индикаторларын бұғаттау, бөлме терезесіне сәуле өткізбейтін тығыз blackout перделерін ұстау және түнде жарық аса қажет болған жағдайда тек бәсеңдетілген сары түсті шамдарды пайдалану ұсынылады. Ғалымдар бөлмені мүмкіндігінше тас қараңғы етіп ұйықтау жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуынан қорғайтын ең арзан әрі тиімді әдіс екенін атап өтеді.
Соңғы жаңалықтар
-
МӘМС болмаса да: 2027 жылдан бастап қазақстандықтар қандай тексеруден тегін өте алады?
19 сағат бұрын
-
Қытай көлік экспортын қатаңдатады: бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
19 сағат бұрын
-
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды
20 сағат бұрын
-
«TikTok-менталитеттен» арылудың жолы: Тоқаев жастардың мінез-құлқын өзгертетін бастама ұсынды
20 сағат бұрын
-
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында үздік төрттікке енді
22 сағат бұрын
-
Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
22 сағат бұрын
-
Қазақстанда семіздікті кешенді емдеу мен алдын алудың жаңа бағдарламасы басталды
1 күн бұрын
-
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған Украина азаматы босатылды
1 күн бұрын
-
Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысы шектеледі: себебі неде?
1 күн бұрын
-
Үндістанда танкерде бірнеше ай қалған қазақстандық елге қайтарылады
1 күн бұрын
-
Непалдағы апат: жоғалды деп есептелген қазақстандық елде екені анықталды
1 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 9 қазандағы валюта бағамы
1 күн бұрын
-
Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте +24 градус: 9 қазанға болжам
1 күн бұрын
-
Қазақстан Халық Кеңесі 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылады
1 күн бұрын
-
Экологиялық мәдениет сенбілікпен шектелмейді: Өскеменде жастар «Таза Қазақстан» идеясы төңірегінде бірікті
1 күн бұрын
-
Құрылтай IT мамандарын жасанды интеллект бойынша ұсыныс беруге шақырды
1 күн бұрын
-
БАӘ министрі Астанадағы фестивальді жасанды интеллектің үздік үлгісі ретінде бағалады
1 күн бұрын
-
АҚШ-та қалғысы келетін шетелдік студенттерге талап күшейтілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
«Жапонияда 11 мың, Қазақстанда 463 мың теңге»: Аймағамбетов дәрі мәселесін көтерді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда кімге мемлекеттен жәрдемақы берілмейді? Отбасыңыздың әл-ауқаты баллмен есептеледі
1 күн бұрын
-
14 қазақстандық соғыс аймағынан қайтарыла ма? СІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен анықталды: Forbes жаңа рейтинг жариялады
2 күн бұрын
-
Астанада гардеробта балалар қысылып қалған видеодан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды
2 күн бұрын
-
Алматы облысында тротуардағы балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға бірқатар жәрдемақы төленбейді: Үкімет тізімді бекітті
2 күн бұрын
-
ДДСҰ артық салмағы бар балаларды операция мен дәрі-дәрмексіз емдеудің жолын айтты
2 күн бұрын
-
Жаңбыр, сулы қар және көктайғақ: 8 қазанда күн райы қандай болады
2 күн бұрын
-
Тоқаев Путинге телефон соғып, туған күнімен құттықтады
2 күн бұрын
-
ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ жауап берді
2 күн бұрын
-
Астанада діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі туралы құжат қабылданды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда әскери қылмыстардан зардап шеккендер саны рекордтық деңгейге жетті
2 күн бұрын
-
Құрылтай 6 жоғары сот өкілдерін лауазымдарынан босатты
2 күн бұрын
-
Қазақстан неге дәл Сербиямен әскери ынтымақтастықты күшейтіп жатыр?
2 күн бұрын
-
Тоқаев FIDE басшысы болған Тимур Турловқа бірқатар міндет қойды
2 күн бұрын
-
Университет курстарын ЖИ әзірлейді: SDU студенттері отандық AI-платформа ойлап тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейс ашу тағы кейінге қалды
2 күн бұрын
-
Астанада 15 ЖОО студенттері бағын сынаған театрландырылған байқау өтті
2 күн бұрын
-
Ресей әскерінен қашып, Қазақстанға кірген азамат елден шығарылмақ
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өндіре тұра, неге Ресейден бензин мен дизель сатып алады?
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады
3 күн бұрын
-
Шоты бұғатталған қазақстандықтардың негізгі қажеттіліктеріне ақша қалдыру ұсынылды
3 күн бұрын
-
Құрылтайдағы мандатын тапсырған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болды
3 күн бұрын
-
Студенттердің банк карталары бақыланады: Парламентте маңызды бастама көтерілді
3 күн бұрын
-
30 млрд теңге үнемделеді: Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін импорттауды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Адам миын жарықпен басқару: Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
3 күн бұрын
-
«140 мың теңге айлық»: Қазақстандық дәрігерлер жалақыны өсіруді талап етіп жатыр
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты
3 күн бұрын
-
Ресейдегі зертханашының қазасы: ДДСҰ оба тарау қаупін бағалады
3 күн бұрын
-
«Сенесіз бе, сенбейсіз бе...»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы кезеңіне келгенін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
Ресейдегі соғыс аймағына тап болған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады?
3 күн бұрын