Мопед жүргізушілеріне сақтандыру міндеттелді: бағасы қанша, айыппұлы қандай?
Сурет авторы: depositphotos
Қазақстанда мопед иелері де автокөлік жүргізушілері сияқты міндетті сақтандыруға қол қоюы тиіс. Егер жүргізуші сақтандыру полисін рәсімдемесе, оған 10 айлық есептік көрсеткіш (2025 жылы – 39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы BES.media -дағы әріптестеріміз Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығы мен сақтандыру компанияларының сарапшыларымен бірлесе отырып анықтады.
Қандай сақтандыру міндетті?
Заң бойынша мопед иелері көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (ОГПО ВТС) шартын жасауға міндетті. Ал электросамокат пайдаланушыларына мұндай талап қойылмайды.
Қалған сақтандыру түрлері – ерікті, оның ішінде мопед пен самокат иелерін жазатайым жағдайдан сақтандыру немесе азаматтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру.
Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы Виталий Веревкиннің айтуынша, ерікті сақтандыру түрлері қағаз жүзінде болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде мұндай өнімдер сақтандыру нарығында жоқ. Өйткені тәуекел жоғары, сәйкесінше құны да қымбат.
Сақтандыру не үшін қажет?
Міндетті сақтандыру мопед иесінің кінәсінен үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалды және зардап шеккендердің ем-домы үшін шығындарды өтейді. Алайда ол мопедтің өзіне келген залалды және апатқа кінәлі адамның емін қамтымайды.
Құны қанша?
Сақтандыру полисінің бағасы өңірге, жүргізушінің жасына, тәжірибесіне, көлік құралының жасына және «бонус-малус» жүйесіне байланысты есептеледі.
– Алматыда алғаш рет сақтандыру рәсімдейтін, жасы 25-ке толмаған жүргізуші үшін полис құны 43 779 теңге болады.
– Шымкентте 10 жылдан астам тәжірибесі бар, жасы 25-тен асқан жүргізуші үшін сақтандыру бағасы бар болғаны 4 151 теңге.
Қанша өтемақы төленеді?
ОГПО шеңберінде сақтандыру компаниясы келесі көлемде өтемақы төлейді:
– адам қаза тапқан жағдайда – 2000 АЕК (2025 жылы 7,9 млн теңге);
– I топ мүгедектігі белгіленсе – 1600 АЕК (6,3 млн теңге);
– II топ – 1200 АЕК (4,7 млн теңге);
– III топ – 500 АЕК (шамамен 2 млн теңге);
– жарақат, ем шығындары – ең көп дегенде 300 АЕК (1,2 млн теңге);
– мүлікке келген зиян – 600 АЕК-ке дейін (2,4 млн теңге).
Қайда рәсімдеуге болады?
Полисті сақтандыру компанияларының сайттарында онлайн немесе кеңселерінде рәсімдеуге болады. Онлайн рәсімдеу кезінде барлық дерек мемлекеттік базадан автоматты түрде алынады, төлемнен кейін полис бірден Бірыңғай сақтандыру дерекқорында тіркеледі.
Қандай құжат керек?
– ЖСН және көліктің мемлекеттік нөмірі жеткілікті (егер сақтандыру компаниясына деректерді жинауға келісім берілсе).
– Қосымша жағдайларда жеке куәлік, көлік тіркеу куәлігі, жүргізуші куәлігі сұралуы мүмкін.
Неге маңызды?
Сақтандыру полисі жоқ мопедист жолға шыға алмайды. Ең бастысы, апат болған жағдайда үшінші тұлғаларға келтірілген залалды сақтандыру компаниясы өтейді. Ал полис болмаса, жүргізушінің өзі үлкен соманы жеке қалтасынан төлеуге мәжбүр болады.
Статистика
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың жеті айында елде мопед иелері қатысқан 901 жол апаты тіркелген. 2024 жылы мұндай оқиға 743 болған. Ең көп апат Алматыда орын алады.
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап Қазақстанда мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Барлық мопед тіркеуге жатады және жүргізушілерге А1 санатындағы куәлік қажет. Бірақ егер жүргізушінің A, B немесе C санаты бар болса, мопедті басқаруға автоматты түрде рұқсат беріледі.
Соңғы жаңалықтар
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 минут бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
30 минут бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
46 минут бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын