$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

«Миссиясын атқара алмай отыр»: Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін сынға алды

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 11:26
«Миссиясын атқара алмай отыр»: Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін сынға алды Сурет авторы: Ақорда

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әлемдегі және жекелеген өңірлердегі бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау миссиясын атқара алмай отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазіргі әлемде мемлекеттер, әсіресе ірі елдер арасындағы сенімге селкеу түскен. Бұл жағдай БҰҰ мен оның институттарының қызметіне де кері әсер етіп отыр.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жаһандағы және аймақтардағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау миссиясын атқара алмай отыр», – деді Тоқаев.

Президент осындай жағдайда өңірлік халықаралық ұйымдардың алға шығып, олардың рөлі айтарлықтай артқанын атап өтті. Сонымен қатар әлемдік аренада «орта державалар» деп аталатын мемлекеттердің ықпалы күшейіп келе жатқанын айтты. Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан да осы санатқа кіреді.

Соңғы жаңалықтар