$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Министр орынбасары тоғызқұмалақ тақтайшасының ғарышқа сапар құныны айтты

Редакция
01 қазан 2024 06:48 3665
Министр орынбасары тоғызқұмалақ тақтайшасының ғарышқа сапар құныны айтты

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында туризм және спорт министрлігі «Тақта 9 қыркүйек күні ғарышқа ұшып кеткен, миссиясы аяқталған соң жерге қайта оралды. Бұл ерекше оқиға, өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болып келген тұңғыш ұлттық ойынымыз», — деп министрлік тоғызқұмалақ тақтайшасының ғарышқа ұшырылғанын хабарлаған болатын.

Nege.kz редакциясының журналистері министрліктен тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшыру құны қанша болғанын сұраған.

Ұлттық ойын тақтайшасын ғарышқа апарып келу үшін 2 628 000 теңге жұмсалған. Министрлік мәліметінше, бұл іс «Жаңа пост» компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылған.

Соңғы жаңалықтар