Миллиондаған тонна мұнай игерілмей қалуда: депутат дабыл қақты
Сурет авторы: Мәжілістің баспасөз қызметі/ Ж.Жұмабеков
ҚДП Ақ жол партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, мұнай алу коэффициентін (МАК) арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты нақты іске асыру қажеттігін көтерді.
Депутаттық сауалда фракцияның мұнай-газ әлеуетін тиімді пайдалану, көмірсутектер өндірудің технологиялық деңгейін арттыру және ұлттық мүдделерді қорғау мәселелерін бірнеше жылдан бері жүйелі түрде көтеріп келе жатқаны атап өтілген. Алайда Үкімет тарапынан осы уақытқа дейін нақты әрі мазмұнды жауаптар берілмегені айтылған.
Серік Ерубаевтың мәлімдеуінше, мұнай алу коэффициентін арттыру – саланың ішкі маңызды резервтерінің бірі. Үкімет бұл бағытты 2015 жылы стратегиялық басымдық ретінде айқындағанымен, арада он жыл өтсе де, оны іске асыратын кешенді мемлекеттік жоспар қабылданбаған.
Сауалда келтірілген деректерге сәйкес, Қазақстанда мұнай алу коэффициенті шамамен 30 пайыз деңгейінде, ал әлемдік тәжірибеде бұл көрсеткіш 50–65 пайызға, жекелеген кен орындарында 70–75 пайызға дейін жетеді. Энергетика саласы мамандарының бағалауынша, коэффициенттің небәрі 1 пайызға өсуі 150–160 млн тонна қосымша мұнай өндіруге мүмкіндік береді.
Депутат Өзен кен орнындағы жағдайға да назар аударып, парафин мөлшері жоғары қабаттарға тазартылмаған теңіз суын айдау тәжірибесінің қолданылып отырғанын сынға алды. Оның айтуынша, бұл әдіс халықаралық мұнай-газ тәжірибесіне қайшы және өнімді қабаттың тозуына, өндіру көлемінің төмендеуіне, шығындардың өсуіне алып келеді.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Үкіметтен мұнай алу коэффициентін арттыруға бағытталған орта және ұзақ мерзімді мемлекеттік жоспар әзірлеуді талап етті. Атап айтқанда, алдағы бес жылда негізгі кен орындары бойынша МАК-ты кемінде 5–10 пайызға арттыру, озық екінші және үшінші реттік өндіру технологияларын енгізу, сондай-ақ қолданыстағы мұнай-газ келісімшарттарының талаптарын қайта қарау ұсынылды.
Депутаттың пікірінше, мұнай алу коэффициентін арттыру дәлелденген қорлардың игерілмей қалуын болдырмай, бюджет кірістерін ұлғайтуға және саланың инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
-
Ел қорғаны – ерлер: Түркістанда сарбаздар құрметке бөленді
15 сағат бұрын
-
Мамыр мерекелерінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
17 сағат бұрын
-
Ақтөбе облысында ауыл әкімі өлі табылды
17 сағат бұрын
-
Алматы әуежайына швейцариялық ұшақ шұғыл қонды
18 сағат бұрын
-
АҚШ Ормуз бұғазы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарар ұсынды
19 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбай ісінде жаңа күдіктілер жауапқа тартылуы мүмкін
20 сағат бұрын
-
Бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделі сақталады
22 сағат бұрын
-
Жануарларға қатыгездік: айыппұл өсіп, жаза күшейтіледі
22 сағат бұрын
-
Қарағандылық курсант қарсыласын 57 секундта сұлатып салды
23 сағат бұрын
-
Айыппұлы барларға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді: Қазақстанда жаңа шектеулер енгізілмек
23 сағат бұрын
-
Назарбаев Университеті пәтерінен қару табылды: қылмыстық іс қозғалды
23 сағат бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: алматылықтар қоршау қоюды талап етті
23 сағат бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы жарылысқа байланысты көңіл айтты
23 сағат бұрын
-
Елімізде такси нарығына бақылау күшейеді
1 күн бұрын
-
АҚШ Ормуз бұғазындағы операцияны уақытша тоқтатпақ
1 күн бұрын
-
Қызылорда облысының әкімі Үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметіне көтерілді
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттарына жаңа талап: Жеке мәселені мінберден айтуға болмайды
1 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы үшін тартысқа түсті
1 күн бұрын
-
АЭС құрылысының құны құпия сақталуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайы терминалды су басқаны үшін жауапқа тартылды
1 күн бұрын
-
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда қызметтік иттер 50-ден астам кісі өлімін ашуға көмектесті
1 күн бұрын
-
Өскемендегі зауыттағы жарылыстан екі адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Жол ережесін бұзбайтын тәртіпті жүргізушілерге сыйақы төлене ме? Үкімет жауабы
1 күн бұрын
-
Қытайдағы отшашу зауыты жарылды: 21 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Өскемендегі зауыттағы жарылыстан тоғыз адам зардап шекті
2 күн бұрын
-
Ресей 9 мамырға орай Украинамен екі күндік бітім жариялады
2 күн бұрын
-
Өскемендегі зауытта жойқын жарылыс: ғимарат қирап, өрт шықты
2 күн бұрын
-
Комада жатқан науқастарға жәрдемақы қалай тағайындалады?
2 күн бұрын
-
Астанада тіс емдету кезінде 20 жастағы жігіт қайтыс болды
2 күн бұрын
-
Астанада екі жасар бала көлік астына түсіп қаза болды
2 күн бұрын
-
Қазақстан авиациясын америкалық маман басқаратын болды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жылдық инфляция 10,6%-ға дейін баяулады: қандай тауарлар қымбаттады
2 күн бұрын
-
Павлодарда 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері интернетке тарап кеткен
2 күн бұрын
-
Қарағанды облысында теміржол қызметкері пойыз астына түсіп мерт болды
2 күн бұрын
-
АҚШ Ормуз бұғазында қалып қойған бейтарап елдердің кемелерін шығару операциясын бастайды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда неге мыңдаған кәсіпкер жұмысын тоқтатты: Министр нақты себептерін түсіндірді
3 күн бұрын
-
ОПЕК+ мұнай өндіруді тағы да арттырмақ: Бұл шешім Қазақстанға қалай әсер етеді
3 күн бұрын
-
Қосшыға қарай LRT қашан жүреді: Жаңа бағыттың құрылысы басталды
3 күн бұрын
-
Өскемендегі ерекше акция: 2,5 мың түлек қаланы жасыл желекке бөледі
3 күн бұрын
-
GPA 3,33+ түлектерге конкурссыз жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар
6 күн бұрын
-
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы: Астанада еріктілер бұлақ көздерін қоқыстан арылтты
6 күн бұрын
-
Тоқаев Лавровты қабылдап, Путиннің Қазақстанға сапарын талқылады
6 күн бұрын
-
Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы қанша екені белгілі болды
6 күн бұрын
-
Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті 11 жылға сотталды
6 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша тергеу екі аптада аяқталады
6 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті ақыл-есі дұрыс деп танылды
6 күн бұрын
-
БАӘ ОПЕК-тен шығады: Қазақстанға әсері қандай
6 күн бұрын
-
Қырғызстанда Камшыбек Ташиевке екі бап бойынша айып тағылып, елден шығуға шектеу қойылды
1 апта бұрын
-
Қазақстан азаматы Ресей тыңшысы ма: Министрлік Германияға ресми сауал жолдады
1 апта бұрын