$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Мезгілсіз келетін өлімнен сақтайды: Алматыда жүрекке таптырмас аппарат орнатыла бастады

Редакция
23 желтоқсан 2025, 16:44
Мезгілсіз келетін өлімнен сақтайды: Алматыда жүрекке таптырмас аппарат орнатыла бастады Сурет авторы: mcprofessor

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түріне шалдыққан емделушіге кардиовертер-дефибриллятор имплантацияланды, деп хабарлайды kazinform. Бұл құрылғы жүрек соғысы кенеттен жиілеп немесе тоқтап қалу қаупі туғанда, автоматты түрде соққы беріп, өмірді сақтайды


Ота жүрек функциясы өте төмен (критикалық деңгейде) 58 жастағы ер адамға жасалды. Аппарат аритмияны өздігінен танып, ең қауіпті сәтте жүрек ырғағын лезде қалпына келтіреді.

Мұндай жоғары технологиялық араласу алғаш рет жасалып отыр және ол МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) шеңберінде жүргізілді. Қазіргі уақытта емделушінің жағдайы тұрақты, ол үйіне шығарылды.

Соңғы жаңалықтар