$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Мемлекеттік субсидияға қымбат көлік алған бизнесмен ұсталды

Редакция
07 ақпан 2025 03:22 1554
Мемлекеттік субсидияға қымбат көлік алған бизнесмен ұсталды Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы заңсыз алынған субсидияға Toyota Land Cruiser Prado 150 маркалы көлік сатып алған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін күдікті жалған құжаттар арқылы 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз иемденген. Ол мемлекеттік органға сүт өңдеуге кеткен шығындар туралы жалған есептер мен жеке кәсіпкерлерден шикізат сатып алынғаны туралы жалған құжаттар ұсынған.

Сот кооператив басшысының сүт жеткізу жөніндегі келісімдерін жарамсыз деп таныды.

"Тергеу барысында күдіктінің заңсыз алынған субсидия қаражатына автокөлік сатып алғаны анықталды. Ол мүмкін болатын тәркілеуден жасырыну үшін көлікті сенімді тұлғаның атына рәсімдеген", – делінген агенттік хабарламасында.

Қазіргі уақытта көлік тәркіленді, ал күдікті екі айға қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар