Түркістандағы БАҚ өкілдеріне Президент атынан су жаңа пәтер кілттері табысталды
Кәсіби мереке қарсаңында Түркістан облысында бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Бұл шара Президенттің еліміздегі республикалық қана емес, өңірлік БАҚ өкілдерінің де әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тікелей тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының атынан жаңа пәтерлердің кілтін иелеріне табыстап, журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Президент бастамасымен баспаналы болғандардың қатарында көпжылдық еңбегі еленген азаматтар бар:
Ерболат Әбішов – «24KZ» телеарнасының Түркістан облысындағы телеоператоры. Саладағы еңбек жолын 2000 жылы Қазығұрт аудандық телеарнасында бастап, кейін облыстық және республикалық арналарда қызмет атқарған. 2012 жылдан бері «Хабар» агенттігінде ел өмірінің маңызды сәттерін кәсіби деңгейде таспалап келе жатқан маманға Түркістан қаласынан қажетті жиһазбен толық жабдықталған жаңа пәтер берілді.

Нұрсұлтан Шертаев – Созақ аудандық «Созақ үні» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген маман 13 жыл бойы аудандық басылымда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елдік бастамаларын үздіксіз насихаттап келеді. Ол Президент бастамасы аясында өз туған өлкесі – Созақ ауданынан баспаналы болды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде:
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ақпарат саласы қызметкерлерінің еңбегін әрдайым жоғары бағалап келеді. Бүгін Мемлекет басшысының атынан өздеріңізге баспана кілтін табыстау – зор мәртебе. Бұл – журналистердің қоғамдағы рөлін айқындайтын, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қолдау», – деп атап өтті.
Аймақ басшысының құттықтау сөзінің толық мәтінімен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ресми сайтынан танысуға болады.
Ресми деректерге сүйенсек, соңғы жылдары БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама медиа мамандарының әлеуметтік әл-ауқатын арттырумен қатар, олардың кәсіби қызметіне жаңа серпін беріп, ел дамуы жолындағы жауапты міндеттерді сапалы атқаруына берік негіз қалайды.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын