$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелеріне ауызашар берді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1264
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелеріне ауызашар берді

Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айына тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.

– Барша мұсылман қауымы Рамазан айын асыға күтеді, осы қасиетті айда ең асыл тілектерін тілеп, дұғаларын жасайды. Жұртшылық иманын күшейтіп, рухани тазарады. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмектеседі, басқа да игі амалдар жасайды. Мұндай қадамдар, түптеп келгенде, әр адамға, әр шаңыраққа береке әкеледі. Сол арқылы еліміздің ынтымағы арта түседі, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам дінін төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін айтып, ата дініміздің адамзатты мейірімді, адал, білімпаз және еңбекқор болуға үндейтінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар