Мемлекет басшысы Қостанай облысында қай жақтарға барды?
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Президент жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірге инвестиция тарту жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, индустриялық сектордағы, агроөнеркәсіп кешеніндегі, металлургия, машина жасау және логистика салаларындағы жаңа жобалар туралы баяндады. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жоспар іске асырылған кезде, жалпы өңірлік өнім көлемі 2 есе өсіп, жыл сайынғы бюджет түсімі 75 миллиард теңгеге ұлғаяды. Сондай-ақ орташа жалақы мөлшері 1,5 есе артып, 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Одан соң Тоқаев Қостанай облысындағы KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды. KIA Qazaqstan бас директоры Ким Дэ Ки зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылатынын жеткізді. Автокәсіпорын бастапқы кезеңде Sorento моделін шығаруды жоспарлап отыр. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап жаңартылған Sportage моделі құрастырылады. Президентке KIA зауыты жылына 70 мыңға жуық автокөлік шығара алатыны жөнінде мәлімет берілді
Кейін Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты. Мемлекет басшысы Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округіндегі «Надеждинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Құмар Ақсақаловтың баяндауынша, биыл диқандар 5 миллион гектар алқапқа егін еккен.
Сондай-ақ Мемлекет басшысына өңірде мал және құс шаруашылығы салаларын дамыту туралы баяндалды. Атап айтқанда, алдағы үш жылда 14 тауарлы сүт фермасына инвестиция тартылады. Мал шаруашылығына арналған 44 кешен және екі ірі құс фабрикасы салынады. Аталған жобалар есебінен облыстағы сүт және ет өндіру көлемі 1,4 есе, ал құс еті өндірісі 5 есе көбейеді.
Осыдан соң Мемлекет басшысы «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамының Локализация орталығына барды. Президентке дөңгелекті ауыл шаруашылығы техникалары мен жалпы машина жасау саласы үшін қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорынның жұмысы таныстырылды. Бүгінде мұнда 700 адам еңбек етеді. Зауыт жылына 250 мыңға жуық бөлшек өндіреді. Жыл басынан бері зауыттан 1 мыңға жуық трактор мен 300 комбайн шығарылған.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап көрді. Юбилейный» шағын ауданында орналасқан нысан жақында пайдалануға берілген. Мұнда жергілікті тұрғындар спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі сияқты түрлерімен емін-еркін айналыса алады. Сондай-ақ орталықта жаттығу және хореография залдары жұмыс істейді. Ерекше қажеттілігі бар жандарға тиісті жағдай жасалған.
Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді. Қазіргі уақытта мұнда екі мыңға жуық оқушы қосымша білім алады. Өскелең ұрпақтың игілігі үшін 24 үйірме жұмыс істейді. Орталықтағы робот техникасы, инженерия және авиамодельдеу үйірмелеріне қатысатын балалар Президентке өз жобаларын таныстырып, виртуалды зертханада тәжірибе жасап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: қазірге дейін не белгілі?
6 сағат бұрын
-
Атбасар қаласында заманауи стандарттарға сай жаңа вокзал ашылды
12 сағат бұрын
-
Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды
12 сағат бұрын
-
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды
13 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляция қаралды: сот шешімі қандай?
13 сағат бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты
13 сағат бұрын
-
Тоғыз әскери қызметшінің қазасы: Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстауға барады
14 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар дәрігерге жазыла алмай жүр: министр мәселені шұғыл шешуді тапсырды
14 сағат бұрын
-
Сот Трамптың Ақ үйге журналистерді кіргізуге қойған тыйымының күшін жойды
14 сағат бұрын
-
Каспийде әскери оқу-жаттығу қайғылы аяқталды: тоғыз адам қаза тапты
15 сағат бұрын
-
Студенттер сарайы опырылды ма: ҚазҰУ түсініктеме берді
15 сағат бұрын
-
Amanat пен «Әділет» біріккен соң: Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланбақ
16 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстан әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 40 мемлекеттің қатарына кірді
17 сағат бұрын
-
«Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды» – Тоқаев
17 сағат бұрын
-
Темекіні ең көп тұтынатын өңір белгілі болды
18 сағат бұрын
-
Ресейде Юрий Дудь «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізілді
18 сағат бұрын
-
Шекарадан өткен жүргізушілерден ақша бопсалап келген: Жамбыл облысында қылмыстық топ әшкереленді
19 сағат бұрын
-
Си Цзиньпин АҚШ-қа барды: Трамп оны әуежайдан өзі қарсы алды
19 сағат бұрын
-
IT саласының маманы Қорғаныс министрінің орынбасары болды
19 сағат бұрын
-
Астананың жаңа әуежайын салатын серіктес белгілі болды
19 сағат бұрын
-
Римдегі Колизей қайғылы оқиғаға байланысты бір күнге жабылды
20 сағат бұрын
-
Жасанды интеллект бақылаудан шықты ма: Танымал ЖИ-агент мемлекеттік құпия файлдарды бұзып кірді
20 сағат бұрын
-
Қытай экипажын басып озды: қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында жеңіске жетті
20 сағат бұрын
-
ШҚО-ның Марқакөл ауданында 24 пәтер салынады
1 күн бұрын
-
Алматыда ЖРВИ өршіп тұр, бірақ жаңа вирус анықталған жоқ
1 күн бұрын
-
Депутат туроператорларды қазақстандықтардың отанына оралуына кепілдік беруді міндеттеуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Шетелге асқан заңсыз активтерді қайтару жеңілдемек
1 күн бұрын
-
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды
1 күн бұрын
-
Әлемді мойындатқан Елена Рыбакина елге оралды
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары мен вице-министрлер мемлекеттік басқаруға қатысты ЖИ құралдарымен танысады
1 күн бұрын
-
«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда шариғат талаптарына сай сақтандыру жүйесі енгізіледі
1 күн бұрын
-
Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды
1 күн бұрын
-
Шекерадан заңсыз жолмен 200-ден астам iPhone 18 алып өтпек болғандар ұсталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Конституциялық Соттың он судьясын тағайындады
1 күн бұрын
-
Екпе қайда: Қазақстандықтар неліктен тұмауға қарсы вакцина ала алмай жүр
1 күн бұрын
-
Қазақстанда 56 мұнай-газ учаскесі аукционға шығарылды
1 күн бұрын
-
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды
1 күн бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және тұман: 23 қыркүйекте күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
Brent бағасы 100 доллардан төмен түсті: мұнай неге арзандады
2 күн бұрын
-
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс
2 күн бұрын
-
Апелляциялық сот Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
2 күн бұрын
-
Кітап оқу адамға не береді: журналист Ержан Жаубай жеті пайдасын атады
2 күн бұрын
-
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды
2 күн бұрын
-
Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
2 күн бұрын
-
Жолдағы жаңа ережелер: Астанаға күн сайын кіретін 150 мың көлік қалай бақыланады
2 күн бұрын