$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Мемқызметкерлер декларация тапсыруға міндетті болып қала береді

Редакция
20 қараша 2024 02:07 3985
Мемқызметкерлер декларация тапсыруға міндетті болып қала береді Сурет авторы: gov.kz

Қаржы министрлігі шетелде активтері бар азаматтарға және мемлекеттік қызметте немесе сайлау лауазымдарына үміткерлерге активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00 СЕН) тапсыруды міндеттеуді ұсынады. Бұл талап банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болуды қалайтын тұлғаларға да қатысты.

Азаматтарға өз еркімен активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға да мүмкіндік беріледі.

Мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары, құрылтайшылар (25% астам акция иеленушілерді қосқанда), олардың жұбайлары, сондай-ақ шетелде активтері немесе дербес салық салынатын табыстары бар адамдар үшін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру міндеті сақталады.

Сондай-ақ құны 20 000 АЕК (74 миллион теңге) асатын ірі сатыпалым жасаған тұлғаларға да осындай міндет жүктеу ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар