$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Мектептерге шабуыл жасалады деген қауесет тағы бір қалада дүрбелең туғызды

Абдрахманов Мағжан
17 қараша 2025 10:20 197
Мектептерге шабуыл жасалады деген қауесет тағы бір қалада дүрбелең туғызды Сурет авторы: Николай Петров / ТАСС

Ақтөбе облысының полиция департаменті мессенджерлер мен анонимді Telegram-арналарда тараған, мектептерге қарулы шабуыл жасалады деген ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Белгісіз арна авторлары бірқатар оқу орындарының атын атап, онда «балаларға қастандық жасалады» деген үрейлі хабар таратқан.

Полицияның ресми мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Терроризм актісі туралы әдейі жалған хабарлама тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Күдіктілер жақын уақытта анықталып, жауапқа тартылады», – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдары тұрғындардан жалған ақпаратқа сенбеуді және дүрбелең тудырмауды сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін осындай мазмұндағы хабарламалар Ақтауда да тараған болатын. Полиция ол ақпаратты да жоққа шығарғанымен, келесі күні оқушылардың жартысынан көбі сабаққа келмеген еді.

Соңғы жаңалықтар