$ 542.29 € 629.54 ₽ 6.77

Мектептерде санитарлық талап күшейді: 90 қызметкер жұмысынан қуылды

Абдрахманов Мағжан
12 тамыз 2025 11:15 199
Мектептерде санитарлық талап күшейді: 90 қызметкер жұмысынан қуылды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстанда жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер мен асханаларда санитарлық талаптарды сақтау тексерісі жүргізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биыл 312 мектеп пен олардың асханаларына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізілген. Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар үшін 117 адам жалпы сомасы 31 млн теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 90 қызметкер жұмыстан шеттетілді, ал сегіз іс сотқа жіберілді.

Өткен жылмен салыстырғанда санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ мектептердің саны 1,4 есе азайған – 229-дан 155-ке дейін. Министр жыл сайын жаңа оқу жылы алдында мектептердің дайындығы тұрақты мониторингке алынатынын атап өтті.

Биыл 2000-ға жуық мектеп толық тексеруден өткен. «Келешек мектептері» жобасы аясында санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға 95 өтініш түсіп, оның 88-і мақұлданған.

Соңғы жаңалықтар