$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Мектеп оқушылары қосымша кәсіп меңгеріп шығады

Редакция
22 қаңтар 2025 05:43 2875
Мектеп оқушылары қосымша кәсіп меңгеріп шығады Сурет авторы: gurk.kz

Қазақстанда мектеп түлектерінің жұмысшы біліктілігін игеру мүмкіндігін кеңейту қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Депутаттың мәліметінше, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 10-11 сынып оқушылары колледждер базасында кәсіптік білім алу мүмкіндігімен қамтылған. Пилоттық жоба негізінде 2024-2025 оқу жылында 1062 оқушы қосымша мамандық меңгерген. Бұл көрсеткіш мектеп бітірушілердің аз ғана бөлігін құрайды.

Сүлейменова жобаны жетілдіруді және жалпы білім беретін мектептерде мамандыққа ерте бейімдеу бағдарламаларын енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, мектеп түлектеріне аттестатпен бірге белгілі бір кәсіпті игеру мүмкіндігін беру NEET санатындағы жастардың санын азайтып, жұмыссыздықты төмендетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар бастаманы жүзеге асыру еңбек нарығында сұранысқа ие базалық білім мен дағдыларды дамытуға септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар