Мектеп ашылмай жатып шатыр құлады: мердігер бюджетке 266 млн теңге қайтарады
Сурет авторы: Tobolinfo/ Абиль Дощанов
Қостанай қаласында салынып жатқан мектептің спортзалында шатыр құлағаннан кейін мердігер компания 266 миллион теңгеден астам қаржыны өтеуге міндеттелді. Сот апаттың жобалық және құрылыс нормаларының бұзылуынан болғанын анықтады. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме Қостанайдағы «Қонай» шағынауданында орналасқан жаңа мектеп туралы. Оқиға жөнінде бұған дейін «ТоболИнфо» басылымы жазған.
Сот материалдарына сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік орган мердігер ЖШС-мен жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын білім беру нысанын салу туралы келісімшарт жасаған. Құжатқа сай мектеп 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға берілуі тиіс болған. Алайда белгіленген мерзімде нысан іске қосылмаған.
Жергілікті басылымның жазуынша, мердігер жұмысты ғимаратта жылу болмауына байланысты тоқтатқан. Құрылысшылардың айтуынша, ғимаратта «қатты суық» болғандықтан әрлеу жұмыстары мен жабдықтарды орнатуды жалғастыру мүмкін болмаған.
2024 жылғы қаңтарда мектептің спортзалында шатыр құлаған. Сот хабарламасында техникалық қорытындыға сәйкес, апатқа фермаға түсетін көлденең жүктеменің жол берілмейтін деңгейге жетуі себеп болғаны айтылған. Бұл дәнекер тігісінің бұзылуына және тірек конструкцияларының деформациялануына әкелген. Аталған жайттар жобалық құжаттама мен құрылыс талаптарының сақталмағанын көрсетеді.
БАҚ дерегінше, 2024 жылғы 3 қаңтарда спортзалдағы бағаналардың бірінде зақым анықталып, бетон конструкциясының бір бөлігі үгіліп, қабырға фрагменті жұлынып кеткен. Осыдан кейін шатырдың бір бөлігі опырылған.
Апат салдарын жою үшін тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша қосымша келісімшарттар жасаған. Бұл жұмыстардың жалпы құны 266 млн теңгеден асқан. Мемлекеттік орган бұл шығынды мердігерден өндіріп алуды талап еткен.
Мердігер компания өкілі талаппен келіспей, фермаларға түскен артық жүктеме құбырлардағы судың қатып қалуынан пайда болғанын алға тартқан. Оның айтуынша, жылымық кезінде шатырды су басып, патрубкаларды мұз бітеген. Мұның себебі ретінде ғимаратта жылудың болмауын көрсетіп, инженерлік желілердің уақытында қосылмағаны үшін жауапкершілікті тапсырыс берушіге жүктеуге тырысқан.
Алайда сот бұл уәждерді қабылдамады. Шешімде келісімшарт талаптарына сәйкес мердігер орындалған жұмыстың сапасына, пайдаланылған материалдарға және құрылыстың жобалық әрі техникалық талаптарға сәйкестігіне толық жауапты екені көрсетілген. Сондай-ақ компания конструкциялардың сенімділігі мен қауіпсіздігіне кепілдік берген және шарт талаптары тиісінше орындалмаған жағдайда келтірілген шығынды өтеуге міндеттенген.
Сот ықтимал пайдалану және климаттық факторларды мердігер жобалау және құрылыс кезеңінде ескеруге тиіс екенін атап өтті. Мұндай жағдайлар конструктивтік ақаулар үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Нәтижесінде талап толық қанағаттандырылып, мердігер облыстық бюджетке 266 млн теңгеден астам қаржы – сараптамаларға, апат салдарын жоюға және мектеп құрылысын аяқтауға кеткен шығынды өтеуге міндеттелді. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
3 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
6 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
6 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
7 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
7 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
8 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
8 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
8 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
9 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
10 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
11 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
11 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
13 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
13 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
13 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
14 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын