$ 497.33 € 586.7 ₽ 6.48

Медиктерге «онлайн» жұмысы үшін ақы төленеді

Редакция
23 ақпан 2026, 16:40
Медиктерге «онлайн» жұмысы үшін ақы төленеді Сурет авторы: iphones.ru

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайтын 2026–2028 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімге қол қойылды. Құжаттың басты мақсаты - мамандарды сақтап қалу және еңбек жағдайын заман талабына сай жақсарту.

«Тыныштық құқығы»: Дәрігерлер жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік чаттарға жауап бермеуге ресми құқылы. Мессенджерлердегі жұмыс енді еңбек процесі саналып, оған қосымша ақы төленеді. Медицинаға цифрлық технологиялар мен ЖИ енгізуге рұқсат берілді, бірақ түпкілікті шешімге дәрігер жауапты болады. Оқу бітіргендер үшін алғашқы жылы сынақ мерзімі алынып тасталды және тәлімгерлік міндеттелді.

Сонымен қатар дәрігерлерге көрсетілетін агрессияның алдын алу және еңбек дауларын сотсыз шешу тетіктері күшейтілді.

Егер ауруханада жеке ұжымдық шарт болмаса, бұл келісім нормалары тікелей және міндетті түрде орындалады.

Соңғы жаңалықтар