Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды
Мәжілісте Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланды. Салтанатты жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, жеті номинация бойынша үздік деп танылған 17 адамды марапаттады, деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.

Ерлан Қошанов өз сөзінде журналистердіңел дамуына қосқан үлесі мен Парламенттік журналистикаға сіңген еңбегі зор екенін атап өтті. Палата спикері Мәжілістен хабар таратып, қабылданып жатқан заңдарды халыққа кең насихаттап жүрген тілшілер қауымына бірлескен табысты жұмыс үшін зор ризашылығын білдірді.
Бүгін өздеріңізбен тарихи оқиғақарсаңында кездесіп отырмыз. Санаулы күннен кейін жаңа Ата заң күшіне енеді. Оны Тәуелсіздік шежіресінің жаңа парағы деуге болады. Сіздер осы тарихи өзгерістердің бел ортасында жүрсіздер. Ата заңды әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның құрамында 10-ға жуық журналист жемісті жұмыс атқарды. Өткен референдумда да, Парламент қабырғасында конституциялық заңдар қабылдау кезінде де елдік іске бәріңіз жұмылып атсалыстыңыздар. Сіздер Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын халыққа жан-жақты түсіндіруге үнемі күш салып келесіздер. Алдағы уақытта да осы жолда жемісті еңбек ете бересіздер деп сенемін, – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасы «Парламент сөзі» байқауы биыл 10-шы рет өтіп отырғанын, осы уақытқа дейін мәртебелі сыйлық 150-ден астам БАҚ өкіліне берілгенін айтты.
Cалтанатты жиында Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясы – «Егемен Қазақстан» газетінің журналисіПазылов Орынбек Өтемұратұлына және «Казахстанская правда» газетінің тілшісіМагер Юлия Дмитриевнаға табысталды.«Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Қабышева Самал Ермұхаметқызына, «7 канал» телеарнасының журналисі Касенова Асемгуль Канатовнаға, «Астана» телеарнасының тілшісі Газизова Ақбота Арнайқызына берілді.

Ал «Үздік бейне-сурет материалы үшін» номинациясымен Jibek Joly телеарнасының операторы Шәріпхан Сапарақын Зұлпыхарұлы, «Үздік интернет және радио материалы» номинациясымен Inbusiness.kz сайтының тілшісі Смаилова Балжан Алдиярқызы, Informburo.kz сайтының журналисі Пичененко Мария Константиновна, «Шалқар» радиосының жүргізушісі Доскеева Гүлнұр Омарханқызы және «QR.News» ақпараттық сайтының редакторы Қанат Сапарғали Танатұлы марапатталды.
«Арнайы репортаж» номинациясын 24.kzтелеарнасы «Mazhilis.live» бағдарламасының жүргізушісі Кенжебаева Назым Қайратқызы, КТК телеарнасының журналисі Абрамова Анна Александровна, Tiek.kz сайтының редакторы Әлібай Бақытнұр Балтабекұлы алды.
Сонымен қатар «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен Қабылбеков Нағашыбай Жолдыұлы мен Коскина Айнур Тлеубековна марапатталды.
«Парламент сөзі» арнайы номинациясы «Айқын-Литер» ұжымы мен «Еуразия» Бірінші арнасы» ұжымына табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын