Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды
Сурет авторы: Ж. Жұмабеков
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы аяқталды. Қорытынды отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата мүшелеріне заң шығару қызметіне белсене араласып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді, олардың басты жетістіктерін атап өтті,деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.
Ерлан Қошанов Қоғамдық палата ауқымды саяси өзгерістер бастау алып, азаматтық қоғамның рөлі күшейген кезеңде құрылғанына тоқталды.
Сол тұста Мемлекет басшысы көшелер мен алаңдардағы пікірталас Парламент қабырғасына өтуі керек деген болатын. Мәжіліс жанында Қоғамдық палатаның құрылуы осыған жауап болды. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыс мазмұнды, қоғам сұранысына сай әрі нәтижелі болды деп сеніммен айта аламыз. Қоғамдық палата еліміздің жаңа саяси жүйесінде лайықты орынды иеленді, – деді Мәжіліс төрағасы.
Спикер Қоғамдық палата еліміздің дамуындағы өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір айтылатын ашық алаңға айналғанына назар аударды. Бұл ретте, палата мүшелері тек бақылаушы ғана емес, заң шығару процесінің толыққанды қатысушысы болғанына тоқталды. Олар заң жобаларына қатысты жүздеген тұжырымдамалық ұсыныс жолдап, соның біразы жұмысқа қабылданды.

Сонымен қатар Қоғамдық палата мүшелері қоғамдағы ең күрделі әрі өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді атсалысып, мемлекет пен азаматтардың арасында ашық диалогты қамтамасыз етті. Алматы тұрғындарымен Мүлік иелерінің бірлестігі және Пәтер иелері кооперативтерінің проблемалары бойынша кездесулер өткізді, Бурабайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың орындалу мәселелерін талқылады, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың проблемаларын көтерді.
Мәжіліс спикері атап өткендей, Қоғамдық палата отырыстарында жеңіл тақырып болған жоқ. Олардың қатарында заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң, жаңа Салық кодексінің нормалары, масс-медиа туралы заң бар. Бұдан бөлек, Құрылыс пен Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект туралы заң, жергілікті өзін-өзі басқару, лудомания, есірткі қолдану мен тарату және басқа мәселелер кеңінен талқыланды.

Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның әр мүшесіне табандылығы мен принциптілігі, жоғары белсенділігі мен үлкен жауапкершілігі үшін ризашылығын білдірді. Депутаттармен бірге заң шығару қызметінде де олардың елеулі әрі маңызды із қалдырғанына мән берді.
Мәжіліс төрағасы биыл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енетінін еске салды. Оның нормаларына сәйкес, күзде Қазақстан Республикасының бір палаталы Құрылтайы құрылады. Спикер Қоғамдық палатаның мол тәжірибесі мен дәстүрлері Құрылтай жұмысында да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Қоғамдық палатаның төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сегізінші сайланым барысында палатаның 30 отырысы, соның ішінде 10 көшпелі отырыс өткенін айтты. Осы жиындардың қорытындысы бойынша Мәжілістің салалық комитеттері мен уәкілетті мемлекеттік органдарға 500-ден астам ұсыным жолданды.
Ол Қоғамдық палата мүшелері Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына, Конституциялық комиссияға және «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының ақпараттық жұмысына белсенді қатысқанына тоқталды.

«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова Қоғамдық палатаның құрылуы соңғы жылдардағы ең маңызды институционалдық шешімдердің бірі болғанына назар аударды. Оның пікірінше, салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде Қоғамдық палата Парламенттің, азаматтық қоғамның, сарапшылар қоғамдастығының, бизнес пен кәсіби бірлестіктердің бірлескен іс-әрекетінің маңызды алаңына айналды. Бұл ретте Зәуреш Батталова институционалдық жадыны сақтап, жинақталған нәтижелерді сарапшылар қауымының келесі құрамына берудің маңызды екенін айтты.

Еуразиялық тұтынушылар одағының басқарма басшысы, Қоғамдық палата төрағасаның орынбасары Светлана Романовская жасанды интеллект технологияларын пайдаланып коммерциялық емес ұйымдардың тәжірибе алмасуы үшін бірыңғай алаң құру туралы ұсыныс білдірді. Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата сияқты алаң Парламентке ғана емес, сарапшылардың өздеріне де қажет екеніне тоқталды. Ол сондай-ақ Мәжілістің өткен сегізінші сайланымы пікір алуандығымен ерекшеленетінін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Мәжіліс төрағасы Қоғамдық палата мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті.
Соңғы жаңалықтар
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
25 минут бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
1 сағат бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
2 сағат бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
2 сағат бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
18 сағат бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
19 сағат бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
19 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
20 сағат бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
20 сағат бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
21 сағат бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
21 сағат бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
22 сағат бұрын
-
Бұрынғы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
23 сағат бұрын
-
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгермек: негізгі 5 өзгеріс
1 күн бұрын
-
Такси бағасын кім белгілейді және сұраныс артқанда жолақы неге қымбаттайды?
1 күн бұрын
-
Ресейде бала туғысы келмейтін әйелдерді психологқа күштеп жіберетін болды
1 күн бұрын
-
Әзербайжанда мектептегі хиджаб дауы ушығып, 37 адам ұсталды
1 күн бұрын
-
Ақтөбеде әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғыны ұсталды
1 күн бұрын
-
Yandex-тегі ақау кезінде такси бағасы үш есеге жуық өскен: InDrive-қа ескерту жасалды
1 күн бұрын
-
Сауд Арабиясындағы шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
1 күн бұрын
-
Өз қалауымен жәрдемақыдан бас тарту: Қазақстандықтар өз ұстанымдарын түсіндірді
1 күн бұрын
-
Жәрдемақыдан қағылуыңыз мүмкін: отбасы санаты қате есептелсе не істеу керек?
1 күн бұрын
-
Yandex қызметтері қашан толық іске қосылады? Министр болжамын айтты
1 күн бұрын
-
Перизат Қайраттың туыстары Дубайдағы қымбат пәтерлерді қайдан алған: ҚМА түсіндірді
1 күн бұрын
-
Бельгия Қазақстанға ірі делегациямен келді: Тоқаев пен Король Филипп не талқылады?
1 күн бұрын
-
Тоқаев барлық мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар алған несиесінен 14 күн ішінде айыппұлсыз бас тарта алады
1 күн бұрын
-
Yandex-тегі ақаудың салдары алты айға созылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Ерлан Саировтың бастамасы қолдау тапты: Оқушылар енді қалай сәлемдесуі тиіс?
1 күн бұрын
-
Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін айтты: бірақ бір шарты бар
2 күн бұрын
-
Артық құжат жинау аяқталды: IMEI-кодты верификациялау енді қалай жүзеге асады
2 күн бұрын
-
«Яндекс» сервисіндегі ақау аясында inDrive платформасына ондаған мың жаңа жүргізуші қосылды
2 күн бұрын
-
Мәслихаттар мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін: Тоқаев Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңесті
2 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтататынын мәлімдеді
2 күн бұрын
-
Басына пакет кигізіп, үйден алып шыққан: Алматыда адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды
2 күн бұрын
-
Yandex-тегі ақау Қазақстанға неге әсер етті? Министрлік түсіндірді
2 күн бұрын
-
Концерттегі дүрбелең, Яндекстегі ақау, Трамп мәлімдемесі: Апта соңы не болды?
2 күн бұрын
-
Ресейде «Яндекс» дата-орталықтарына дрон түсіп, сервистер іркіліспен жұмыс істеп жатыр
3 күн бұрын
-
Әкем қазақ тілін жетік меңгеруге септігін тигізді - Амангелді Кеңшілікұлы
3 күн бұрын
-
МӘМС болмаса да: 2027 жылдан бастап қазақстандықтар қандай тексеруден тегін өте алады?
4 күн бұрын
-
Қытай көлік экспортын қатаңдатады: бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
4 күн бұрын
-
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды
4 күн бұрын
-
«TikTok-менталитеттен» арылудың жолы: Тоқаев жастардың мінез-құлқын өзгертетін бастама ұсынды
4 күн бұрын
-
Шығыс Салбурыны-2026» фестивалі аясында Қазақстанда алғаш рет құсбегіліктен Азияның ашық кубогы сарапқа салынуда
4 күн бұрын
-
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында үздік төрттікке енді
4 күн бұрын
-
Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
4 күн бұрын
-
Қазақстанда семіздікті кешенді емдеу мен алдын алудың жаңа бағдарламасы басталды
4 күн бұрын
-
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған Украина азаматы босатылды
5 күн бұрын