$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Мәжіліс жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Редакция
09 сәуір 2025 07:19 2316
Мәжіліс жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады Сурет авторы: Sputnik / Болат Шайхинов

Бүгін Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып, көпшілік дауыспен мақұлданды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы алғанда, 76 депутат «қолдаймын» деп дауыс берсе, 7 депутат «қарсы» болды, 9 халық қалаулысы қалыс қалды, ал бір депутат дауыс бермеді.

Негізгі өзгерістер:
Жаңа кодексте бірқатар салық түрлері бойынша елеулі өзгерістер қарастырылған:

  • ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша міндетті тіркеу шегі 40 млн теңге деңгейінде белгіленеді, ал мөлшерлемесі 16% болады.

  • Бірқатар сала ҚҚС-тан босатылады.

  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік салада тек ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС салынады, ал дәрі-дәрмектің белгілі бір түрлері салықтан босатылады.

  • Әлеуметтік бағыттағы ұйымдарға корпоративтік табыс салығы кезең-кезеңімен енгізіледі: 2026 жылдан бастап — 5%, 2027 жылдан бастап — 10%.

  • Сондай-ақ банк операцияларына ҚҚС салынуы мүмкін деген.

Соңғы жаңалықтар