Мәжіліс төрағасы Марокко Корольдігіне ресми сапармен барды
Сурет авторы: Ж.Жұмабеков
Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби Әл-Аламидің шақыруымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Марокко Корольдігіне ресми сапармен барды. Рабат қаласында Мәжіліс делегациясы Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби Әл-Аламимен және Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Ульд Ар-Рашидпен, сондай-ақ Үкімет басшысы Азиз Аханнушпен кездесті.
Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби Әл-Аламимен кездесуде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мәжіліс спикері Қазақстан Президенті Мароккомен серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін айтып, Король VI Мұхаммедке оның жылы лебізі мен ықыласын жеткізді.
Қазақстан мен Марокко арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері біраз салада берік байланыс қалыптасты. Соның бірі – парламентаралық ықпалдастық.
Әңгіме барысында Ерлан Қошанов осы парламентаралық диалогты тереңдетуге ерекше назар аударды. Марокколық әріптестерін заң шығару саласында тәжірибе алмасып, әсіресе достық топтары, бейінді комитеттер және аппараттар арасындағы іс-әрекетті арттыруға шақырды.
– Біз парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз. Марокко жағынан да дәл осындай ықылас бар. Халықтың өкілдері ретінде екі елдің тығыз араласуына, жақындасуына жол ашуымыз керек. Елдеріміздің парламенттері арасында құрылған достық топтары үнемі байланыста. Биыл марокколық достық тобының Астанаға сапары жемісті өтті. Бұл тәжірибені алдағы уақытта да жалғастыру керек, – деді Мәжіліс спикері.
Мәжіліс төрағасы әріптесіне елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жайлы айтып берді. Қазақстан Парламентінің қазіргі қызметі жөнінде жан-жақты мәлімет беріп, алдағы парламенттік реформаның мән-жайын түсіндірді.
Өз кезегінде Марокко Өкілдер палатасының төрағасы Қазақстан Президенті қолға алған реформаларды жоғары бағалады.
– Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын үнемі бақылап отырамыз. Олар елдің дамуына зор септігін тигізуде. Бұл бастамалар Парламент жұмысына да оң ықпал етері сөзсіз. Қазақстан тоғыз жолдың торабында шығыс пен батысты байланыстырып тұрған ел. Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты бекемдей түсуге дайынбыз. Марокко Қазақстан үшін Африка нарығына шығатын қақпа болғысы келеді, – деді Рашид Талби Әл-Алами.
Екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы серіктестікті дамыту жайы Марокко Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Ульд Ар-Рашидпен кездесуде де кеңінен талқыланды.
– 2014 жылы парламентаралық қатынастарымыздың жаңа кезеңі басталғанын атап өткім келеді. Сол кездегі Марокконың Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Биядилла Астанаға ресми сапармен келді. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының спикері лауазымында Рабатқа қарымта ресми сапар жасады. Бұл қадамдар парламенттеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың берік негізін қалады, – деді Мәжіліс спикері.
Кеңесшілер палатасының төрағасы екі ел ынтымақтастығын арттыруда жоғары деңгейдегі сапарлардың маңызы зор екенін атап өтті.
– Арамыз алшақ болса да, елдерімізді байланыстыратын дүниелер аз емес. Біз Қазақстанды Орталық Азияға жол ашатын ел ретінде қарастырамыз. Көктемде Қазақстанның Сыртқы істер министрі келіп кетті. Бүгін Сіздің ресми сапарыңыз өтіп жатыр. Осындай жоғары деңгейдегі сапарлар байланыстарымыздың көкжиегін кеңейте түсуде. Екі ел депутаттары бірлесіп, Марокко Королі мен Қазақстан Президентінің үмітін ақтаймыз деп сенемін, – деді Мұхаммед Ульд Ар-Рашид.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов Марокко Үкіметінің басшысы Азиз Аханнушпен кездесті. Онда екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Тараптар сауда-саттықты ұлғайту, инвестиция, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика салаларында серіктестікті одан әрі күшейту мәселелері мен «Орта дәліз» көлік бағытын белсене дамыту жайын ортаға салды. Бұдан бөлек, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және мәдениет саласында да әріптестікті кеңейту жайы сөз болды.
Биыл екі ел азаматтары үшін визасыз режим күшіне енді. Қазіргі уақытта тікелей рейстер ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл екі халықтың бір-бірін жақын тануына жол ашады.
Сапар аясында депутаттар Король V Мұхаммед кесенесіне барып, мемлекеттің негізін қалаған тұлғалар – Король V Мұхаммед пен Король ІІ Хасанның рухына тағзым етті, гүл шоқтарын қойды.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
17 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
2 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
2 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
3 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
3 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
3 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
4 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын