Мәжіліс спикері Беларусь Республикасына ресми сапармен барды
Сурет авторы: Т.Таныбаев
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барды. Ол Минскіде ел Президенті Александр Лукашенкомен, Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының басшысы Игорь Сергеенкомен және Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесуде Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың зор ықыласы мен ізгі тілегін жеткізіп, халықтарымыздың арасындағы терең тарихи байланысты атап өтті. Ол екі ел Президенттерінің сенімді саяси қарым-қатынасыныңарқасында бүгінде Қазақстан-Беларусь байланысы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгеніне ерекше тоқталды. Сауда-экономика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны – соның нақты нәтижесі.

Ерлан Қошанов Беларусь басшысына бүгінде Президент бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы айтып берді. Елімізде мемлекеттің қоғамдық-саяси және құқықтық архитектурасын түбегейлі жаңғыртатын жаңа Конституцияның жобасы кеңінен талқылануда. Ата заңның жаңа жобасы бойынша түпкілікті шешімді бүкілхалықтық референдумда ел азаматтары қабылдайды.

Александр Лукашенко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебіздерін жолдады. Ол қазіргі күрделі кезеңде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы парламентарийлердің рөлін ерекше атап өтті. Бұл орайда Беларусь пен Қазақстанның көпполярлылық пен егеменді мемлекеттердің дамуын қолдайтынын, халықаралық күн тәртібінде ортақ ұстанымға ие екенін айтты. Сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіру кезінде Беларусьті қолдағаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.
Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының басшысы Игорь Сергеенкомен кездесуде парламентаралық диалогтан бастап екі ел арасындағы экономикалық, мәдени ынтымақтастыққа дейінгі кең ауқымдағы мәселелер талқыланды.
– Қазақстан мен Беларусь – сенімді стратегиялық серіктес. Мемлекеттер басшылары мұны үнемі айтып келеді. Екі ел арасында жемісті саяси диалог жолға қойылған. Өнеркәсіпте, машина жасауда және аграрлық салада кооперациялық байланыскеңейіп жатыр. Екі мемлекеттің парламенттері де өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуына зор үлес қосуда. Заң шығару ісіндетұрақты тәжірибе алмасу жолға қойылып, достық топтары белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеп жатыр, депутаттарымыздыңарасында бекем байланыс орнаған, – деді Мәжіліс спикері.

Өз кезегінде Игорь Сергеенко Қазақстан Беларусь елі үшін әрдайым уақыт сынынан өткен дос, стратегиялық серіктес әрі одақтас болып қала беретінін айтты. Ол Астана сияқты Минскі де сындарлы, біріктіретін күн тәртібін халықаралық алаңдарда ілгерілетуге басымдық беретініне мән берді.
Өкілдер палатасының төрағасы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар бағытын жоғары бағалады. Қазақстанның түрлі саладағызаң шығару жұмысындағы тәжірибесін Беларусь депутаттары жан-жақты зерделеп отырғанын атап өтті.
Спикерлер цифрландыру саласындағы парламенттердің қызметіне де ерекше назар аударды. Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының үш жыл ішінде Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін алға қойғанына тоқталды. Осы ретте депутаттар әзірлеген Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді. Астанада халықаралық ЖИ орталығы, «Astana Hub» технопаркіқарқынды жұмыс істеп тұр, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды.
Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар заңнамалық жұмыс бойынша өзара тәжірибе алмасуды жалғастыруға, парламентаралық ұйымдар аясында, сонымен қатар достық топтары, салалық комитеттер мен парламенттер аппараттары желісі бойынша ықпалдастықты нығайтуға уағдаласты.
Ерлан Қошанов екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелерін Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен де талқылады.
– Біздің парламентаралық қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Жеке байланыстың арқасында өзара сенім мен құрмет нығаюда. Парламентаралық ұйымдар шеңберінде де тығыз байланыстамыз. Бір-біріміздің бастамаларымызға қолдау білдіруде де жақсы тәжірибе бар. Біз Парламентаралық Одақ, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеялары аясындағы өзара дәстүрлі ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге ниеттіміз, – деді Мәжіліс төрағасы.
Екі ел арасындағы мәдениет және білім беру салалары бойынша парламенттік қолдауды кеңейту, жастарға арналған бірлескен жобаларды іске асыру, туризм мен инновация бағытында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша екіжақты ынтымақтастықты күшейту мәселелері қамтылған мазмұнды әңгіме өрбіді.
Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасы мен Республика Кеңесіндеөткен кездесулерде Ерлан Қошанов Беларусь депутаттарына Қазақстанда жүргізіліп жатқан Конституциялық реформала туралы айтып берді. Ол жаңа Конституцияның жобасы Қазақстан Парламентінің құзыретін едәуір күшейтетінін, қоғамның саясатқа араласуын кеңейтетінін және «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нығайтатынын ерекше атап өтті.
Сапар аясында Мәжіліс депутаттары Минскідегі Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды. «БЕЛАЗ» зауытына және «Хатынь» мемлекеттік мемориалдық кешеніне барып, Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алды.
Мәжілістің Баспасөз қызметі.
Фото: Т.Таныбаев
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
16 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын