$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қабылдады

Абдрахманов Мағжан
12 қараша 2025 12:37 157
Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қабылдады Сурет авторы: pixabay

Мәжіліс депутаттары ЛГБТ насихатын шектеуге бағытталған заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Халық қалаулылары «Мұрағат ісі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде құжатқа балаларды зиянды ақпараттан қорғау жөніндегі жаңа норма енгізді.

«Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілер мен онлайн-платформаларда педофилия мен (немесе) дәстүрге жат сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпаратты орналастыруға шектеу енгізіледі», – делінген Құжат мәтінінде.

Соңғы жаңалықтар