$ 457.21 € 534.62 ₽ 6.08

Мәжіліс Құрылтай туралы заң жобасын жұмысқа алды

Абдрахманов Мағжан
29 сәуір 2026, 10:57
Мәжіліс Құрылтай туралы заң жобасын жұмысқа алды Сурет авторы: gov.kz

Парламент Мәжілісі пленарлық отырыста Құрылтай туралы және оның депутаттарының мәртебесін айқындайтын конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Сонымен қатар президент туралы, елорда мәртебесі және Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заң жобалары да қарауға алынды. Құжаттар Мемлекет басшысының бастамасы аясында Парламентке енгізілген.

Мәжіліс депутаттары заң жобаларын қараумен айналысатын бірлескен комиссия құрамын бекітті. Комиссияға Мәжіліс депутаттары Қайрат Балабиев, Ермұрат Бәпи, Марат Башимов және Сергей Пономарев кірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаларды алдағы парламент сайлауына дейін құқықтық базаны толық қалыптастыру қажеттігімен түсіндірген. Оның айтуынша, елде құқықтық және саяси жүйені кешенді жаңғырту жалғасады.

Соңғы жаңалықтар