$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Мәжіліс депутатының мәслихатта отырған тоқалы бар ма? (ВИДЕО)

Редакция
05 қараша 2025 11:05 400
Мәжіліс кулуарында депутат Темір Қырықбаевқа әлеуметтік желіде талқыланып жатқан жеке өміріне қатысты сұрақ қойылды.
Мәжіліс депутатының мәслихатта отырған тоқалы бар ма? (ВИДЕО) Сурет авторы: Qrnews

Редакция журналисі депутатты Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимерген оның екінші әйелі ме және оның ұлы Қырықбаевтың баласы ма деген сұрақтармен бөгеді.

Депутат бұл сауалға жауап беру кезінде алдымен желіде тараған “өзінің мәслихаттағы орнын Нұрайым Шақимергенге сыйға берген” деген ақпаратқа тоқталды. Ол бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты.

Ал Нұрайым Шақимергеннің өзіне қатысы жөнінде Қырықбаев оны екінші әйелі емес екенін нақты жоққа шығарған жоқ. Сонымен қатар, депутат баланың өзінің ұлы екенін және оған өз атын қойғанын растады.


Соңғы жаңалықтар